КР, Жуалынский район, село Шынбулак, ул. Мырзатай, зд.28
87074221983
baldauren-zhuali@yandex.kz

Есепші



2. Белгіленген жүргізу ережелері негізінде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыруды, оның ішінде:

— келіп түсуші ақша қорларының, тауар-материалды құндылықтардың және негізгі құралдардың толық есебін жүргізеді, сондай-ақ бухгалтерлік есепке ақша қорларының қозғалуымен байланысты операцияларды өз уақытында іске асырады;

— шығыстар сметасы орындалуына сенімді есеп жүргізеді;

— мекеменің шаруашылық-қаржы қызметі нәтижелерін нақты есептейді;

— төлемдердің мемлекеттік бюджетке, жарналардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға өз уақытында аударылуы мен дұрыс есептелуін іске асырады;

— ақша қорларының және материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, жымқырылуы бойынша материалдарды рәсімдеуге қатысады, тиісті жағдайларда осы материалдарды сот және тергеу органдарына өткізілуін қамтамасыз етеді;

— бастапқы құжаттар, бухгалтерлік жазбалар негізінде сенімді бухгалтерлік  есеп құрады, оны белгіленген мерзімде мемлекеттік органдарға ұсынады;

— бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, белгіленген тәртіпке олардың рәсімделіп, мұрағатқа өткізілуін іске асырады.

Мұқият бақылауға алуы тиіс:

  • тауар-материалды құндылықтарды қабылдау-босатудың белгіленген рәсімдеу ережелерін сақтау;
  • еңбекақы қорының дұрыс жұмсалуы, лауазымдық окладтардың  белгіленуі, шаттық, қаржы және кассалық тәртіптің қатаң сақталуы;
  • еңбекақы қорының тауар- материалды құндылықтардың, негізгі құралдардың, есеп айырысу мен төлем міндеттемелерін жүргізудің белгіленген ережелерін сақтау;
  • белгіленген мерзімде дебиторлық қарызды өндіру және несиегерлік қарызды өтеу, төлем тәртібін сақтау;
  • бухгалтерлік баланыстан жетіспеушіліктерді, дебиторлық қарызды және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығы.
  • Жетіспейтін ақша қорларының және тауар-материалды құндылықтардың заңсыз тексерілуінің, қаржы және шаруашылық заңнамалары бұзылуынын алдын-алатын іс-шараларды дайындауға белсенді қатысуға міндетті.
  • Лауазымдық тұлғалардың заңсыз әрекеті табылған жағдайда бас бухгалтер жазбаша түрде шара қолдану үшін мекеме басшысына хабарлайды.
  • Ақша қорларын, тауар-материалды және басқа да құндылықтарды қабылдау, сақтау және жұмсаудың белгіленген тәртібі мен заңнамаға қайшы келетін операциялар бойынша орындау мен рәсімдеу үшін құжат қабылдауға тиім салынады.
  • Мекеме басшысынан осындай әрекет жасауға өкім алған кезде, бас бухгалтер оны орындамай, жазбаша түрде басшыға оның өкімі заңсыз екендігі туралы хабардар етеді.
  • Мекеме басшысынан екінші рет қайта өкім алған кезде, бас бухгалтер оны орындайд. Бұл жағдайда жасалған операцияның заңсыздығына мекеме басшысы толық жауапкершілік алады.

Келесі  жағдайларда жауапкершілікке ие болады:

  • бухгалтерлік есептің түзетілуі үшін. Мұның өзі бухгалтерлік есептің бос жіберілуінен және бухгалтерлік есептіліктің бұрмалауынан болады;
  • ақша қорларының, тауар- материалды және басқа да құндылықтардың қабылдау, кірісті жазудың, сақтау мен жұмсаудың белгіленген тәртібіне қайшы келетін операциялар бойынша құжаттарды орындау мен рәсімдеу кезінде;
  • банктерде есеп айырысу және басқа да есептеулер, дебиторлар және несиелермен есеп айырысу бойынша операциялардың өз уақытынан тыс дұрыс тексерілмеуі;
  • бухгалтерлік баланстардан дебиторлық қарыздар мен басқа да шығымдардың жетіспеушілігін есептен шығару тәртібінің бұзылуы;
  • бухгалтердің кінәсінен сенімсіз бухгалтерлік есептіліктің жүргізілуі;
  • бухгалтерлік есеп ұйымдастыру бойынша ережелер мен нұсқаулықтардың басқа да бұзылу жағдайлары.

Мекеме  басшысымен тең жағдайы:

  • қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін ережелерді бұзғандығы үшін;
  • тиісті органдарға бухгалтерлік есептер мен баланстарды ұсыну мерзімдерін бұзғандығы үшін жауап береді.