Әдіскер: Темирбекова Газиза Айгелдина

- Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
- Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу, оқу- тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырады.
- Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (жасауға) қатысады; білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады.
- Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
- Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекіуге дйындауды ұйымдастырады.
- Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және топтар бойынша сабақтар ретін құрады.
- Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
- Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады.
- Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинатауды ұйымдастырады.
- Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.
- Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша кеңестер, конкурстар мен көрмелер өткізеді; шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу- педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді; есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы рәсімдейді.
- Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
- Балалардың білімдеріне, іскерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды.
- Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу бойынша ұсынымдар енгізеді.
- Біліктілікті арттыру және педегог қызметкерлерді аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балалардың құжаттарын және балаларды қабылдау жұмысын жүргізеді.
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасымен бекітілген квазимемлекеттік сектор субьектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын функцияларға сәйкес жұмыстар жүргізу;
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын,сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмы сын үйлестіру.
- Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады.
- Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
- Білім алушылардың (тәрбиеленуілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады.
- Қосымша білім алуға және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады.
- Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
- Тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
- Медицина қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың білім беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады.
- Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді.
- Ата – аналарымен және тәрбиеленушілердің басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.
- Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді.
- Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.
